Педагогикалық кеңеске баяндама

Еліміз  жаңа принциптерге  негізделген  егемен мемлекет құруда

Үкіметіміз білім  беру мекемелеріне Тәуелсіз мемлекетімізді  өркениетті елдер   қатарына  жеткізетін  ұл,  қыз тәрбиелеуді  талап  етуде.

Балалардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  және  оны тәрбиелеу бүгінгі  таңдағы  көкейтесті  мәселелердің  бірі.

Шығармашылық   бүкіл  тіршілік  көзі.Адам  баласының  сөйлей  бастаған кезінен бастап ,бүгінгі  күнге  дейін  жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.Бұған  бүкіл халықтық,жалпы  және  жеке  адамның  шығармашылығы арқылы  келдік.Әр  жаңа  ұрпақ  өзіне  дейінгі ұрпақтың  қол  жеткен жетістіктерін меңгеріп  қана қоймай,өз іс әрекетінде  сол  жетістіктерді  жаңа жағдайға  бейімдей,жетілдіре  отырып,барлық  салада таңғажайып  табыстарға  қол  жеткізеді.

Баланың  шығармашылығын  дамытатын  тәрбиеші  өзі  шығармашылықпен жұмыс  жасауы  керек.Баланың  шығармашылық  қабілетін дамыту  мақсатында  өткізілетін  ұйымдастырылған  оқу  іс  әрекеті барысында  жаңа технология  элементтерін пайдалану  тиімді.

Бұл орайды  баланы  жалықтырып  алмаудың  жолдарын қарастырып, төмендегі  тәсілдерді  тиімді  қолдану  қажет:

Бала  қабілетін ашуда  тіл  шеберлігіне  көңіл  бөлу,

Білімін  қосымша әдебиеттермен  толықтыру,

Жылы  сөздер  арқылы «сенің  қолыңнан  келеді», «сенің  болашағын  зор» деп,үнемі  балаға  шабыт  беріп отыру.  Әр тәрбиешінің  алдындағы  сәулелі мұрат  шәкіртіне  білім,тәрбие  беріп қана  қоймай,әр  баланың «менін»ашу. Сол  «менді» шығармашылық тұлғаға  айналдыру.

Күллі  ғажайыптың  ішіндегі  ең  тамашасы  жақсы  тәрбиеленген  адам.

Бала  қабілетінің  ашылуы  үшін  тәрбиеші  жаңашыл, білімді,іскер,қабілетті,жауапкершілік  сезімді,өз  ісінің  шебері  болуы  керек. Бала  шығармашылық  қабілеттері  арқылы  өсіп  көптеген  ойындарға қатысады.(сюжетті  рөлдік,драматизация  ойындары,сахналау,көріністер осы  жұмыстарды  педагогикалық  талаптарға  сай  ешбір күштеп, зорлаусыз  ақ,өздерінің  әдеттегі  ойындарын  қызықты  да әсерлі  етіп  ұйымдастырған шақта  балалар  одан  сайын  ынталанып,оның  жемісі  де  айтарлықтай  болады.Бұл  ойындарда  балаларға  шығармашылық  жағдайлар  жасауға, өздеріне  тапсырылған  ролдерді  толық  игеріп,кірісіп  кетулеріне  көп  көңіл аудару.Олардың  тиісті  бейнелерді  дұрыс  жасаулары  үшін  іс әрікет,қимылдарын көрсетіп,жетілдіруіне  көмектесіп,кейіпкерлердің  сөздерін,көңіл  күй,сезімін,мінез  қалпының  қандай  болуы  керектігін  түсіндіріп,ұғындырып  отырамын.

Балалардың  өздеріне  тән  жеке  қасиеттерін анықтай  түсу  мақсатымен театрландырылған   ойындар  өткізіліп  тұрады.Бұл  ойындарда  қабілеті  бар деген  балалар  өздерін  еркін  ұстайтын,ал  ұялшақ,ұяң  балаларға  жәй  ролдер  беріледі.Осындай  5-6 баламен  жекелей  жұмыс  жүргізіледі.

Оларға  қуыршақты  қалай  ұстау  керектігін,мимика,дауыс  ырғақтарын  үйретіледі.Әдетте  балалардың  өздері  жақсы  көретін  кейіпкерлеріне  еліктеп  өсетіні белгілі.Осыған  қарап,шапшаң,ширақ  балаларға  жуас, қарапайым  ролдер,ал  мінездері  салмақты   байыпты  балаларға  жағымсыз ролдер  тапсырылады.Бұл  арқылы  біз  балалардың,ненің  жаман,ненің  жақсы  екенін  ұғынып,жаманнан  жиіркеніп,жақсыдан  үйренуге,өз  қылықтарын  дұрыс  бағалап,жақсы  кейіпкерлерге  еліктеуге  үйретеміз.

Балаларға  ертегі,әңгімелер  оқып,не  әңгімелеген  кезде  ертегідегі  кейіпкерлердің  мінез  құлқына,дауысының  ырғағына,қимылдарына назар  аударып  отырамын.

Мысалы: «Алдар  көсе  мен  Шықбермес  Шығай бай»ертегіні  оқып  бергеннен  кейін  сұрақтар  қойдым

Алдар  көсенің  міңез  құлқы  қандай?

Алдардың  жүрісін  кім  көрсете  алады ?

Байдың  мінезі  қандай? Оның  жүріс  тұрысын  кім  көрсете  алады?

Кім   бай  мен Алдар  көсе  болып  ойнай  алады?

Балалар  топ  ішінде  емін  еркін жүріп,сабақтан  бос уақыттарында,сурет салу,жапсыру,мүсіндеу жұмыстарын  ұйымдастырып  ,жеке  жұмыс  жүргізіледі.Дәстүрден  тыс  әдістер  саусақпен  сурет салу, губкаларды, таяқшаларды  және  бастырмаларды  пайдалану  арқылы сурет  салу   балаларға  аса  қызықты.Балалармен   өткізген  шығармашылық  жұмыстары  қазір  көзге  көрінбесе  де,түбінде  кім  біледі,бәлкім  жылдар  жылжып  өткеннен  кейін,үлкен  өмір төрінде  төбе  көрсетіп  қалар,еліміздің  өнерлі  азаматтарының  бірі  болады ,деп  сенеміз,өйткені  балабақшада  шығармашыылық  негізі  салынған.

 

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *